Хоккей

Виртуалды ӘЧ-2020: Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды

Виртуалды ӘЧ-2020: Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2020 виртуалды әлем чемпионатын өткізіп жатыр. Әр матчтың жеңімпазы жанкүйерлердің дауысымен анықталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапты. Бұл жолы Қазақстан құрамасы Финляндия құрамасынан 3:6 есебімен ұтылды.

Бұған дейін Қазақстанның ерлер құрамасы Латвиядан (4:7), Швейцариядан (2:5), Норвегиядан (3:4), АҚШ-тан (3:4) және Ресейден (3:4) ұтылған болатын.

18 мамырда Қазақстан құрамасы виртуалды әлем чемпионаты-2020-дағы соңғы кездесуін өткізеді. Қарсылас Италия болады.

Сіз өзіңіздің сүйікті командаңызға ойын басталғаннан бастап екі сағат ішінде Халықаралық Хоккей Федерациясының ресми твиттерінде дауыс бере аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер