UFC Fight Night 172: Алистар Оверим басты жекпе-жектің жеңімпазы атанды
UFC Fight Night 172 турнирінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақ рейтингінде сегізінші және тоғызыншы орындарда тұрған - нидерландтық Алистар Оверим және америкалық Уолт Харрис жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Көптеген сарапшылар бес раундтық кездесу ұзаққа созылмайды деп болжаған. Солай болды да. Бірінші раундтың басында Харрис қарсыласына жойқы соққылар жасады. Оверим бұл шабуылға төтеп беріп, екінші бес минуттық кезеңде оң аяғы және сол қолымен америкалықтың басын соққылап, оны есеңгіретіп тастады.
Осылайша Оверим өз мүмкіндігін жібермеді - Харристі «байлап», қарсыластың басына тағы да соққы беріп, оны аяғымен қармап ұстап, нәтижесінде басымдыққа ие болды. Харриске қарсыласа алмады, ал Оверимге техникалық нокаутпен жеңу бұйырды.