Әлем футболы

«Ювентус» Дибаланы ПСЖ көшбасшысына алмастыруды қалайды

«Ювентус» Дибаланы ПСЖ көшбасшысына алмастыруды қалайды
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық Mundo Deportivo мәліметінше, туриндік «Ювентус» ПСЖ шабуылшысы Неймарды қатарына қоспақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Туриндіктер бразилиялық жұлдызбен келісімшарт жасасу үшін аргентиналық Пауло Дибаланы франциялық клубқа беруге дайын екен. Бірақ бұл трансферде басты мәселе Неймардың жалақысы болуы мүмкін. «Ювентус» париждік клубтағыдай жалақы беруге дайын емес.

Еске салайық, Неймар 2017 жылы 222 миллион еуроға «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысқан болатын. Соңғы жылдары оның каталониялық клубқа оралғысы келіп жүргені жиі хабарланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер