«Барыс» сапындағы өткен маусымның үздік хоккейшісі анықталды
2019/20 маусымының қорытындысы бойынша ең үздік ойыншыны анықтау үшін дауыс беруге КХЛ-ден 200-ден астам хоккейші қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде мәскеулік «Динамо» шабуылшысы Вадим Шипачев үздік деп танылды. Оған 31,4% ойыншылар дауыс берді. Сауалнамада екінші орынды ЦСКА хоккейшісі Кирилл Капризов алды - 24,6%. Үшінші орында Мәскеудің «Динамосының» тағы бір шабуылшысы Дмитрий Яшкин - 10,9%.
«Барыс» құрамынан ең үздік нәтижені жақында ғана Локомотивке ауысып кеткен қақпашы Эдвард Паскуале көрсетті. Өткен маусымда 46 матч өткізді, 24 ойында командасы жеңіске жетті.
Айта кетейік, плей-оффтың бірінші кезеңінен кейін маусым коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или