Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат ойыншылардың үздік ондығына енді

news-banner7
mobile-news-top

Alkhaleejtoday.co сайты БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 25 футболшының тізімін ұсынды. Тізімде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бар.

Басылымның мәліметі бойынша, Исламхан 9-орынды өзінің «Аль-Айнадағы» әріптесі Коджо Лабоймен, сондай-ақ «Шарджидің» жартылай қорғаушысы ЛукасКайомен бірге бөліскен.

Аталған футболшылардың трансферлік бағасы – 2,4 млн еуро. Рейтингте бірінші орында трансферлік бағасы 4,8 млн еуро болатын «Шарджидің» бразилиялық ойыншысы Игор Коронадо тұр.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер