Исламхан БАӘ чемпионатындағы қымбат ойыншылар қатарына кірді

Исламхан БАӘ чемпионатындағы қымбат ойыншылар қатарына кірді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен Араб Әмірліктері чемпионатындағы ең қымбат 25 ойыншының тізімі жарияланды, онда қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан да бар, деп хабарлайды Prosports.kz Alkhaleejtoday.co сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімде «Әл-Айн» ойыншысы Исламхан 9-орынды командаласы Коджо Лаба, сонымен қатар Шаржа» жартылай қорғаушысы Лукас Кайомен бөлісіп тұр. Аталған ойыншылардың трансферлік құны 2,4 миллион еуроны құрайды.

БАӘ чемпионатындағы ең қымбат футболшылардың рейтингінің көшін «Шаржаның» бразилиялық ойыншысы Игор Коронадо (4,8 миллион евро) бастап тұр.

Еске сала кетелік, Исламхан «Әл-Айн» командасына осы жылдың 31 қаңтарында ауысты. Оның келісімшарты 2020 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Жаңа командасының сапында 10 матч өткізген қазақстандық жартылай қорғаушы 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Команда 19 матчтан кейін чемпионаттың екінші орынында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер