Тони Фергюсон таяқ жесе де Гэтжимен бірдей сыйақыға ие болды

Тони Фергюсон таяқ жесе де Гэтжимен бірдей сыйақыға ие болды

Флорида штатының Атлетикалық комиссиясы 10 мамырда Джексонвиллде өткен UFC 249 турниріне қатысушылардың сыйақылары мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, бірінші раундта-ақ бұрынғы чемпион Доминик Крузды техникалық нокаутпен жеңген жеңіл салмақтағы чемпион (61,2 келі) Генри Сехудо ең көп сыйақыға ие болды. Кешегі жекпе-жекте Сехудо 390 мың доллар табыс тапты (жекпе-жекке 350 мың + турнирлік аптаға 40 мың). Файтердің сыйақысы ESPN-дегі таратылым пайызын қамтымайды.

Жеңіл салмақтағы жаңа уақытша чемпион (70 кг) Джастин Гэтжи Тони Фергюсонмен төбелескені үшін 380 мың доллар алды.

Тони Фергюсонға келер болсақ, «Эль Кукуй» де 380 мыңға байыды 

Ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Фабрисе Вердум Алексей Олейникке қарсы кездесуден 340 мың табыс тапты.

Жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Энтони Петтис Дональд Серронені жеңгені үшін 330 мың долларға ие болды. 

Кештің басты жеңімпаздарының бірі, Фрэнсис Нганну Джайрзиньо Розенстрюкті жеңгені үшін 320 мың сыйақы алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или