УЕФА 7 тамызда Чемпиондар лигасының матчы өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының матчың өткізуге қатысты ресми шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін француздық «Лион» президенті Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында итальяндық «Ювентуспен» кездесуін 7 тамызда өткізеді деп айтқан болатын.
«Ешқандай шешім қабылданған жоқ», - деп жауап берді УЕФА өкілі.
Наурызда Чемпиондар лигасы пандемияға байланысты тоқтатылды. Төрт ширек финалистер анықталды, 1/8 финалдың төрт текетіресінде тек алғашқы матчтар ойналды. «Лион» мен «Ювентустың» алғашқы кездесуінде француз клубы өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или