Канадалық шабуылшы «Барысқа» ауысуға жақын
Шабуылшы Мэттью Фрэттин «Барыс» хоккей клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы хоккейші өткен маусымда Қазанның «Ак Барсында» ойнады. ҚХЛ аясында 56 матч өткізіп, 28 (8+20) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңінде 4 ойынға қатысып, еншісіне 5 (3+2) ұпай жазды.
Канадалық ойыншы алдыңғы екі маусымда елордалық «Барыс» сапында 106 матчқа қатысып, 79 (37+42) ұпай жинаған.
Сонымен қатар ол НХЛ аясында канадалық «Торонто Мэйпл Лифс», «Лос-Анджелес Кингз», «Коламбус Блю Джекетс» командаларында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или