Әлем футболы

Түркиялық футболшы бес жасар баласын өлтіргенін мойындады

Түркиялық футболшы бес жасар баласын өлтіргенін мойындады
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның «Бурса Йилдирим Спор» әуесқой клубының ойыншысы Цевер Токташ өзінің бес жасар баласын өлтірді, деп хабарлайды Prosports.kz Soccernews.ru сайтына сілтеме жасап.

Баланың ауруханаға коронавирус белгілерімен жатқызылғаны, алайда дәрігерлер оны құтқара алмағаны хабарланған.

Баланың COVID-19 салдарынан қайтыс болғаны ресми тіркелер ме еді кім білсін?! Дегенмен 11 күннен кейін ойыншы полицияға өзі келіп, баласын айуандықпен өлтіргенін мойындаған.

Токташ ұлын қылқындырып өлтіргенін мойындады. Сондай-ақ ол мұрагері болуын ешқашан қаламағанын айтқан.

Енді спортшы сотта жауап береді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер