ӘЧ -2020: Қазақстан алғашқы ойынында Швейцариямен кездесетін болды
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) элиталық дивизиондағы командалар арасында 2020 жылғы әлем чемпионаты басталғандығын мәлімдеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, карантин және түрлі шектеулер спорттық шаралардан тыс қалуға себеп бола алмайды. Сондықтан Әлем чемпионатын өткізуге шешім қабылданған. Қазақстан командасы қатысатын бұл жарыс дауыс беру арқылы виртуальды форматта өткізіледі.
Әлем чемпионатының жоспарланған әр матчына екі сағатқа созылатын уақыттың ішінде дауыс беруге болады.
Жанкүйерлердің дауыс саны және Федерацияның өз формуласы бойынша қорытындысы жарияланады. Өз даусыңызды әлеуметтік желідегі IIHF ресми аккаунтында қалдыруға болады.
Бұл дүбірлі додада Қазақстан алғашқы ойынын Швейцариямен өткізеді. Матч 10 мамырда болады.
Айта кетер болсақ, бұдан бұрын мына командалар кездескен еді. Олар: Ресей - Швейцария - 4:3 (буллиттер), Швеция - Чехия - 5:4 (буллиттер), Канада - Германия- 4:1, Финляндия - АҚШ - 6:3.