Әлем футболы

«Камп Ноу» стадионының атауы 25 жылға ауысады

«Камп Ноу»  стадионының атауы 25 жылға ауысады
news-banner7
mobile-news-top

Барселонаның вице-президенті Жорди Кардонердің айтуынша, клуб «Камп Ноу» стадионының атауын ауыстыру құқығын 25 жылға сатуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды.Prosports.kz.

Жақында ғана «Барселона» стадионның атауын ауыстыру құқығын бір жылға сататынын және одан түскен қаражатты коронавируспен күресуге аударатынын мәлімдеген.

«Біз стадионның атауын 25 жылға сата аламыз. Біз бірінші жылдағы кірісті коронавирус пандемиясымен күресуге, ал одан кейін коммерциялық мақсаттарға бағыттаймыз», - деп атап өтті Кардонер.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Испания чемпионаты коронавирустың таралу қаупіне байланысты тоқтатылды. Індет клубтардың орасан зор қаржылық шығынға ұшырауына себеп болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер