Қазақстандық хоккейшіге үш клубтан ұсыныс түсті
Қазақстандық хоккейші Никита Михайлиске үш бірдей командадан ұсыныс түсті.
Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Авангард», «Автомобилист» пен «Салават Юлаев» Никита Михайлиске ұсыныс жасаған. Қазақстандық хоккейшіні сапында көргісі келген команда «Барысқа» 180-200 миллион теңге (470 мың доллар) төлеуге міндетті.
24 жастағы хоккейші биылғы маусымда «Барыс» сапында 32 ұпай (17+15) жинады. Ресейлік Championat басылымы қазақстандық шабуылшыны жаңа буынның ең дарынды хоккейшісі деп таныған еді.
Айта кетейік, алдағы маусымнан бастап қазақстандық хоккейшілер ресейлік командаларда легионер саналмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или