Хоккей

«Авангард» қазақстандық шабуылшыға қызығушылық танытып отыр

«Авангард» қазақстандық шабуылшыға қызығушылық танытып отыр
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Авангард» хоккей клубы қазақстандық шабуылшы Никита Михайлиске қызығушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.

Михайлистің «Барыспен» келісімшарты 2020 жылдың 30 сәуірінде аяқталды. 1 мамырда форвард шектеулі еркін агенттер нарығына шықты. Енді өзге ҚХЛ клубтарының жаңа ұсыныстарын қарастыруға 27 күн уақыт бар.

Бұған дейін Никита Михайлиске «Барыс» бір маусымға 200 мың доллар төленентін жаңа ұсыныс жасаған. Бірақ ойыншының агенті Игорь Парашкин мен хоккейші бұл ұсынысты әлі қабылдаған жоқ.

Өткен маусымда 24 жастағы хоккейші ҚХЛ-да 60 матч өткізіп, 32 (17+15) ұпай жинады.

Айта кетейік, келесі маусымнан бастап қазақстандық хоккейшілер Ресей клубтарында легионер ретінде қарастырылмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер