Хоккей

Фин бапкері «Барыстан» бас тартты

Фин бапкері «Барыстан» бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыстың» бұрынғы бас бапкері Ари-Пекка Селин астаналық клубтың қызығушылығы туралы жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб өзінің ресми сайтында финдік маманның кандидатурасын қарастырып жатқандығын жазған еді.

Селин бұл ақпаратты өзінің агентінен естіп және бірден теріске шығаруды шешті.

- Мен өзімнің агентім Кристер Каукиненнен Қазақстандағы сыбыс жайлы ақпарат алдым. «Барыс» екі апта бұрын онымен байланысқан болатын. Ол бірден ешқандай әрекет жасамаймын деп жауап берді, өйткені менің «Эссят» клубымен келісімшартым бар. Жеке менімен «Барыстан» ешкім хабарласпады.

- «Барыс» сізбен келісіп, «Эссят» келісімшартты сатып алуға ұсыныс жасаса ше?

- Менің тарапымнан ешқандай әрекет болмайды. Менің «Эссятпен» 2022 жылға дейін келісімім бар. Осы уақытқа дейін мен бір жыл жұмыс жасадым. Мені тек үкімет карантинге қатысты шектеулерді алып тастай ма және біз маусымалды жаттығу жұмыстарын 1 шілдеде бастай аламыз ба деп алаңдаймын», - деп жауап берді бапкер «Satakunnan Kansa» басылымына.

Еске салайық, Ари-Пекка Селин «Барыс» пен Қазақстан құрамасын 2013-2014 жж. баптады. Минскіде өткен Әлем кубогындағы сәтсіздіктен кейін ол жұмыстан шығарылды.

«Барыста» ең көп жалақы алатын хоккейші кім?

«Барысты» кім баптауы мүмкін?

«Барыс» негізгі қақпашысымен қош айтысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер