Абель Санчес: «Канело» бұзылған ет жегенін дәлелдеді

Абель Санчес: «Канело» бұзылған ет жегенін дәлелдеді

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес экс-шәкіртінің қарсыласы Сауль Альварестің допингпен ұсталған сәтін еске алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Мен олай ойламаймын. Бұл екі жігіт тозақтан өтті. «Канело» допинг-тесттен өткізуге тиісті нәрсені жасады, содан кейін ауыр жекпе-жектің он екі раундынан өтті. Менің ойымша, біз күдіктенген нәрселер ол айтқандай шынымен де бұзылған ет екенін дәлелдеді. Біз оны ешқашан білмейміз. Біз мұны қабылдап, екі боксшыны да көрсеткен жекпе-жегі үшін көбірек құрметтеуіміз керек деп ойлаймын», - деді Санчес.

2018 жылы Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек алдында мексикалықтың қанынан допинг табылып, боксшы алты айға жазаланған болатын. Артынша екінші кездесуде Альварес жеңген еді.

<h4>ESPN: Головкин – «Канело» трилогиясы бокс әлеміне қажет</h4> <h4>Головкин мен Альварес келесі жылы ғана жұдырықтасуы мүмкін</h4> <h4>Головкин – «Канело» трилогиясы көрерменсіз өтуі мүмкін бе?</h4> <h4>«Канеломен» жұдырықтасуға ең лайықты қарсылас аталды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или