Бокс

«Канеломен» жұдырықтасуға ең лайықты қарсылас аталды

«Канеломен» жұдырықтасуға ең лайықты қарсылас аталды
news-banner7
mobile-news-top

DAZN платформасының сарапшысы Серхио Мора «Канеломен» жұдырықтасуға ең лайықты қарсылас WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап.

«Альварес үшін ең лайықты қарсылас Чарло болмақ. Біріншіден, ол жеңілістің кермек дәмін татпаған, әрі чемпион. Чарло «Канеломен» бұрыннан жұдырықтасуды көздеп жүр. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру матчмейкерлердің арманы. Одан бөлек жанкүйерлер үшін де бұл жекпе-жек қызық. Екеуінің жұдырықтасу мәнері ұқсас, екеуінің де соққысы жойқын», - деді Мора.

Еске салайық, 2019 жылдың маусымында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Сауль Альвареске орта салмақтағы франчайзинг чемпионы атағын берді. Бұл атақты одан ешкім ала алмайды. Орта дивизиондағы әлемдік титул Джермалл Чарлоға берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер