ММА

Тони Фергюсон - Джастин Гэйджи. UFC 249 турниріне арналған жарнама-ролик жарияланды

Тони Фергюсон - Джастин Гэйджи. UFC 249 турниріне арналған жарнама-ролик жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

9 мамырда көп күттірген UFC 249 өтеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпион Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи кездеседі. Ұйымның баспасөз қызметі шайқас туралы жарнамалық ролик жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жазбада Фергюсон мен Гэтжидің қатысуымен болған жекпе-жектердің үздік сәттері көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, басында UFC 249 турнирінде Тони Фергюсон ұйымның чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездеседі деп жоспарланған болатын, бірақ ресейлік спортшы АҚШ-қа орала алмай, турнирден шеттетілді. Хабибті Гэтжи алмастырды. Жергілікті биліктің рұқсатымен 9 мамырда Флоридада кешті өткізу туралы шешім қабылданды. Турнир көрерменсіз өтеді.

UFC 249 турнирінің ресми промо-ролигі жарияланды

Ресми. UFC 249 турнирі 9 мамырда өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер