Әлем футболы

«Интер» футболшыларға клуб базасында жеке жаттығуға рұқсат берді

«Интер» футболшыларға клуб базасында жеке жаттығуға рұқсат берді
news-banner7
mobile-news-top

Италиялық «Интер» командасы ойыншылардың базадағы жеке жаттығуларына оралғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Клубтың бірінші командасының ойыншылары Appiano Gentile жаттығу орталығындағы алаңдарды жеке жаттығуларына қолдана алады. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық және техникалық ғимараттарды қоспағанда, орталықтың барлық бөлмелері жабық күйінде қалады», - делінген клуб хабарламасында.

Бұған дейін, «Рома» ресми органдардан тиісті шешім қабылдағаннан кейін, 6 мамырдан бастап жаттығу процесін қайта бастайтындығы туралы ресми түрде хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер