ММА

Кичигин: Фергюсон Гэтжиді нокаутқа түсіреді

Кичигин: Фергюсон Гэтжиді нокаутқа түсіреді
news-banner7
mobile-news-top

Fight Nights Global компаниясының бұрынғы чемпионы, қазір ACA лигасының мүшесі Георгий Кичигин Underdog спорт агенттігіне берген сұхбатында UFC 249 турнирінің негізгі матчына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

10 мамыр күні таңертең UFC ұйымының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы (70 келі) Тони Фергюсон UFC 249 турнирінде Джастин Гэтжимен кездеседі. Жекпе-жек алдағы турнирдің басты кездесуі болмақ.

«Менің ойымша, Тони жеңеді. Джастинге келетін болсақ, ол әрқашан жекпе-жекке бір ғана жоспармен шығады, әрі өте сирек төбелеседі. Оның UFC 249-ға денсаулығы жетпейді деп ойлаймын. Болжам - Гэтжи нокаут болады немесе Фергюсон төрешілер шешімімен жеңіске жетеді», - дейді Кичигин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер