Роман Старченко «Барыс» сапында қалады

Роман Старченко «Барыс» сапында қалады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Старченко «Барыс» сапында ойнауын жалғастырады. Хоккейші елордалық клубпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 33 жастағы шабуылшы ҚХЛ-дағы маусымда 53 матч өткізіп, 35(18+17) ұпай жинады. Плей-оффтың бес ойынына қатысты.

Бүгінге дейін ҚХЛ-да Өскемен хоккейінің түлегі 634 матч өткізіп, 318(176+142) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или