ҰХЛ тұрақты маусымы 1 шілдеде жалғасады

ҰХЛ тұрақты маусымы 1 шілдеде жалғасады

Ұлттық хоккей лигасының басшылығы командаларға 2019/20 маусымды қалпына келтіру жоспарын жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Клуб иелері қазірдің өзінде ұсынылған нұсқаны мақұлдап отыр, бірақ оны хоккейшілер одағымен келісу керек.

15 мамырда хоккейшілер кіші топтарда жаттығу өткізуге рұқсат алады.

1 маусым күні үш апта бойы оқу-жаттығу жиындары ашылады.

21 маусымда командалар матчтар өтетін төрт қаланың біріне барады. Спарринг жаттығулар жарыс қайта басталғанға дейін мүмкін болады.

1 шілдеде кезекті маусымның қайта басталуы жоспарланып отыр. Төрт дивизионның әрқайсысындағы командалары бір қалада көрерменсіз ойнайды. Нәтижесінде әр клуб 82 ойын емес, 76 матч өткізеді.

21 шілдеде плей-оффты әдеттегі форматта бастау да жоспарға қойылды. Конференция финалына ареналардың ең болмағанда жартысын толтыруға рұқсат аламын деп үміттенеді. Стэнли кубогы қыркүйектің аяғында аяқталуы керек.

Келесі маусым желтоқсанда басталып, қарашада оқу-жаттығу жиындары ашылады.

Еске сала кетелік, ҰХЛ тұрақты маусымы коронавирус пандемиясына байланысты 12 наурызда тоқтатылды. Жарыстың мәжбүрлі үзілісінен бұрын клубтар 68-71 матч өткізіп үлгерген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или