Құрлықтық хоккей лигасының биылғы жабылу салтанаты өтпейді

Құрлықтық хоккей лигасының биылғы жабылу салтанаты өтпейді

<span>Құрлықтық хоккей лигасының биылғы жабылу салтанаты өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат лиганың ресми сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Бұл шара биылғы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған болатын. Ұйымдастырушылар коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты шарадан бас тартты. </span>

<span>«Бұған дейінгі жылдары жабылу салтанаттарына 1 мыңға тарта қонақ қатысқан болатын. Биыл да сондай адам келеді деп күтілді. Сондықтан азаматтар денсаулығын сақтау мақсатында осындай шешім қабылдауға тура келді», - деді Құрлықтық хоккей лигасының президенті Алексей Морозов.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или