NBА жаттығуға арналған базаларды ашуды кейінге қалдыруы мүмкін

NBА жаттығуға арналған базаларды ашуды кейінге қалдыруы мүмкін

ESPN инсайдері Эдриан Воджнаровскидің айтуынша, NBА жұмаға жоспарланған жаттығу базаларын ашуды кейінге қалдыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрын хабарланғандай, NBA 1 мамырдан бастап ойыншыларға жеке жаттығулар өткізуге мүмкіндік беретін клуб базалары мен жаттығу базаларын ашуды жоспарлап отыр отырған еді. Енді базалардың ашылуы кем дегенде бір аптаға кейінге шегеріледі.

Воджнаровскидің айтуынша, кейбір клубтар жаттығу базаларын ашу идеясын қолдамады. Атап айтқанда, Атлантаның бас менеджері Травис Шленк клуб келесі екі аптаның ішінде әліптің артың бағып, күтіп отыруға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ойыншыларға жаттығу үшін таза және қауіпсіз жағдай қажет деп сеніп, бұл идеяны қолдаған командалар да болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или