«Барыс» бас бапкер тапты
Елордалық «Барыс» команданың бас бапкері кім болатыны туралы шешім қабылдады, деп жазады, Prosports.kz.
Бұл туралы «Спорт-Экспресс» журналисі Алексей Шевченко хабарлайды.
- Кеше мен «Барыс» клубындағы бір адаммен телефон арқылы сөйлестім. Ол команда 1 мамырда орыс тілді емес шетелдік жаттықтырушының бас бапкер атанатынын айтты», - дейді журналист.
Айта кетейік, 1 мамырда ҚХЛ-да тегін агенттер нарығы ашылады. «Барыс» командасының бас бапкері лауазымына үміткерлердің арасында әлі бірде-бір орыстілді емес маманның аты аталған жоқ.
Астаналық клуб тарихында тек бір ғана шетелдік бапкер болған. 2013-2014 маусымда команданы финляндиялық Ари-Пекка Селин жаттықтырды. Оның басшылығымен елордалық ұжым Чернышев дивизионында жеңімпаз атанып, плей-офф бәсекесінің екінші кезеңіне өтті.