«Хабиб өте сирек қателеседі». Нурмагомедов Гэтжи Фергюсонды жеңеді дейді

«Хабиб өте сирек қателеседі». Нурмагомедов Гэтжи Фергюсонды жеңеді дейді

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов 9 мамырда өтетін Гэтжи-Фергюсон жекпе-жегіне болжамын айтты.

UFC 249 турнирі 9 мамыр күні АҚШ-тың Флоридп штатында өтетін болады.

Хабибтің бұл жекпе-жек туралы пікірін оның менеджері Али Абдель-Азиз айтты:

«Хабиб өзінің келесі қарсылас Гэтжи болатынына сенімді. Оның ойынша Дастин Гэтжи Тони Фергюсонды екінші немесе үшінші раундта нокаутқа жібереді»

«Мен болжам айтудан мықты емеспін, бірақ Хабибтің болжамдарының басым көпшілігі тура келеді. Егер Хабиб Гэтжи жеңеді десе, онда Гэтжиге ақша қоя беруге болады. Хабиб өте сирек қателеседі. Ол көп адам байқамайтын нәрсені байқайды. Сол үшін ол өте мықты спортшы»,- деді Али Абдель-Азиз.

Естеріңізге салатын болсақ, бастапқыда Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жек өткізу керек болатын. Коронавирусқа байланысты Хабиб жекпе-жектен бас тартты.

Айта кетелік, Али Абдель-Азиз Хабибтен бөле Дастин Гэтжидің де менеджері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или