Азия волейбол конфедерациясы турнирлердің жаңартылған күнтізбесін жариялады

Азия волейбол конфедерациясы турнирлердің жаңартылған күнтізбесін жариялады

Азия волейбол конфедерациясы 2020 жылғы маусымның жарыс кестесін қайта қарап, жаңартылған нұсқасын ұсынды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

<span>Егер COVID-19 індеті шілде айының соңына дейін  ауыздықталмаса, конфедерация барлық чемпионаттар мен турнирлерді өткізуге тыйым салады. Ал 2021 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігіне қатысатын командалар әлемдік рейтинг бойынша таңдалады.  Жаңарған жарыс кестесі бойынша, 30 тамыз бен 5 қыркүйек арасында волейболдан ерлер арасындағы командалық Азия чемпионаты жоспарланған (Таиланд). Әйелдер арасындағы командалық біріншілік 10-17 қыркүйек арасында Қытайда өтеді.  Сондай-ақ, 2020 жылдың тамызы мен желтоқсан айлары арасында жағажай волейболынан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты, волейолдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы құрлық біріншілігі, 20 жасқа дейінгі ерлер арасындағы 20-шы Азия чемпионаты, AVC кубогі, AVC жағажай волейболы турлары, 6-шы Азия жағажай ойындары өтеді.    </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или