ММА

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды». Танымал файтер елдегі карантин туралы не дейді

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды». Танымал файтер елдегі карантин туралы не дейді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов Қазақстанда CoVid-19 вирусының өршуі туралы эмоцияға толы жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы өзінің Instagram парақшасында коронавирустың жоқ екенін айғақтайтын бірнеше себепті атады:

«Достар, осы бір коронавирус туралы тақырыпты жылы жауып тастайық!

Біріншіден, егер бұл вирус шынымен бар болса, онда 3 айдан кейін Алматының тең жартысы өліп кетер еді! Себебі вирус желтоқсанда пайда болды дейді.

Екіншіден, біздің медицинамыз «ақсақ қой түстен кейін маңырайдының» күйін кешіп отыр. Медицина шалажансар күйде. Олар тіпті басқа ауру белгілерін де анықтай алмайды және бұл дәрігерлердің кінәсі емес, біздің елдегі жүйе сондай!

Үшіншіден, бұл вирус туралы дабыл қаққан елдердің саяси проблемалары бар екенін білеміз, олар оны адамдарды ереуілге шықпауы үшін пайдаланып отыр! Экономика, сайлау, доллар көтерілді, билік үшін күрес жүріп жатыр. Ал мұнай «өлді».

Төртінші, маған жоқ вирус туралы жаза беруді тоқтатыңыздар! Олардың жасаған вакциналарын өздеріңізге егіп жүрмеңіздер ...», - деп жазды Қуат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер