Волейболдан әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Волейболдан әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Халықаралық волейбол федерациясы 2021 жылы өтетін жағажай волейболынан әлем чемпионатын 2022 жылға ауыстырды.

Дүниежүзілік біріншіліктің уақытын өзгертуіне 2020 жылғы Токио Олимпиадасының коронавирус пандемиясына қатысты бір жылға кейінге шегерілуі себеп болған. Халықаралық волейбол федерациясының күнтізбесіне сәйкес 2021 жылғы әлем чемпионаты 2021 жылы Италияның Рим қаласында өтуі тиіс болатын. 

Жағажай волейболынан әлем біріншілігі әр екі жыл сайын өтеді. Осыған дейінгі біріншілік Германияның Гамбург қаласында өткен. Әлем үздігін анықтайтын додада барлығы 130 000 жанкүйер жиналып, жалпы көрермендер саны 158 мыңды құраған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или