«Сарыарқа» хоккей клубы екі ойыншыға ұсыныс жіберді
«Сарыарқа» (Қарағанды) хоккей клубы шабыулшы Дмитрий Михайлов пен қорғаушы Марк Лыпканьға жаңа маусымға шақырту жіберді.
Дмитрий Михайлов Құрлықтық Хоккей лигасындағы мансабында мына командаларда ойнаған: «Металлург» (Магнитогорск) ХК, «Югра» (Ханты-Мансийск) ХК, «Северсталь» (Череповец) ХК.
Ал Жоғары хоккей лигасында «Ариада» (Волжск) ХК, «Южный Урал» (Орск) ХК, «ТХК» (Тверь) ХК, «Рубин» (Тюмень) ХК, «Ижсталь» (Ижевск) ХК, «Ермак» (Ангарск) хоккей клубтарында өнер көрсеткен. «Югра» хоккей клубынан (Ханты-Мансийк) 2019/2020 жылғы маусымда «Сарыарқаға» ауысты.
Осы маусымда Дмитрий бомбардирлер көшін бастап, тізімде бірінші орыннан көрінді.
Марк Лыпкань келісімшартты екі маусымға ұзартты. Марк - ангар хоккей мектебінің түлегі. Осыған дейін ЖХЛ «Динамо» (Балашиха), «Сокол» (Краспоярск) хоккей клубтарында ойнаған.