Абдель-Азиз клиенттері Нурмагомедов пен Гэтжидің жекпе-жек өткізуіне қарсы емес

Абдель-Азиз клиенттері Нурмагомедов пен Гэтжидің жекпе-жек өткізуіне қарсы емес

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи жуырда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы олардың менеджері Әли Абдель-Азиз мәлімдеді.

– Егер Гэтжи уақытша чемпион атағын жеңіп алса Хабибке қарсы титулдық жекпе-жек өткізе алады. Бұл жігіттер белбеу үшін өмір сүреді. Оларға мен кедергі келтіретіндей кіммін? 

Клиентінің арман-мақсаты жолында кедергі келтіретін менеджер не промоутерлер қатарынан емеспін. Егер Джастин Фергюсонды жеңісе, Хабибпен жекпе-жек өткізеді, - деді Әли Абдель-Азиз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или