Беларусьтік «Неманның» 23 хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

Беларусьтік «Неманның» 23 хоккейшісі коронавирус жұқтырып алды

Беларусьтік «Неман» клубының 23 ойыншысы коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Prosports.kz NEXTA Live Telegram каналына сілтеме жасап.

13 сәуірде Хельсинки әуежайында сынақтан финляндиялық Валттери Хиетанен, Джунас Хурри, Сами Екунунен және Тимо Хилтуненнің COVID-19 сынақтары оң нәтиже көрсеткені туралы хабарланған.

Артынша команда шабуылшысы Никита Бастрыкин мен қақпашы Виктор Моисеенконың ауырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, команданың 17 жасөспірім ойыншысы да коронавирус жұқтырған. Алдын-ала ақпарат бойынша, клуб жас хоккейшілерді  демалыс орталықтарының біріне оқшауламақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или