NBA жұлдызының ойын жейдесі 216 мың долларға сатылды
Ұлттық баскетбол қауымдастығының және «Чикаго Буллз» клубының аңызына айналған ойыншысы Майкл Джорданның қолтаңбасы бар жейде 216 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы киімде Джордан 1992 жылғы Олимпиадада «Dream Team» деген лақап аты бар АҚШ құрамасының сапында ойнады. Сол жарыста америкалықтар алтын жүлде жеңіп алды.
Аукциондағы жейденің бастапқы бағасы 25 мың долларды құрады.
19 сәуірде Джорданғаға арналған деректі фильм жарық көрді. Картина «Соңғы би» деп аталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или