«Хабиб Конормен екінші жекпе-жегі үшін әдеттегіден 3,5 есе көп ақша алады»

«Хабиб Конормен екінші жекпе-жегі үшін әдеттегіден 3,5 есе көп ақша  алады»

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз Макгрегорға қарсы екінші жекпе-жекте ресейлік спортшы қанша гонорар алатынын айтты.

Али Абдель-Азиз MMAjunkie.com сайтына берген сұхбатында Хабиб ирландиялық Конор Макгрегормен екінші жекпе-жегі үшін 50 миллион АҚШ долларын алатынын мәлімдеді.

«Хабиб бірінші кезекте Джордж Сен-Пьермен жекпе-жек өткізеді. Кейін Фергюсон мен Гэтжи арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен төбелеседі. Хабиб ақша табатын жекпе-жекті емес, нағыз чемпиондыққа үміткермен жұдырықтасуды таңдайды. Конорға қарсы жекпе-жекте Хабиб әдеттегіден 3,5 есе көп гонорар алатын еді»,- деді Али Абдель-Азиз.

Естеріңізге салатын болсақ Хабиб Нурмагомедов 18 сәуірде америкалық Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или