Ермек Сырлыбаев: Волейболдан өтетін турнирлер күз айларына жоспарланып отыр

Ермек Сырлыбаев: Волейболдан өтетін турнирлер күз айларына жоспарланып отыр

Азия волейбол конфедерациясы коронавирус індетіне байланысты барлық ұлттық федерацияларға ішкі біріншілікті тоқтату туралы ұсыныс айтты. Осыған орай, Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы пікір білдірді.

«Халықаралық волейбол федерациясы қыркүйек айына дейінгі барлық турнирлерді тоқтатты. Ерлер мен әйелдер арасындағы командалық Азия чемпионатын өткізуге тырысып жатырмыз. Мүмкін, қазан немесе қараша айларында ұйымдастыратын шығармыз. Одан бөлек, ұлттық құрамалар қатысатын Азия кубогі өтеді деп жоспарлаудамыз. Бірақ бұл доданың өту-өтпеуі нақты белгісіз. Болашағы бұлыңғыр турнирлер қатарында жастар арасындағы Азия чемпионаты да бар», - деді Сырлыбаев.

Айта кетелік, 2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Содан бері барлық спорттық жарыстар тоқтатылып, әр мемлекетте карантин жарияланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или