Коби Брайанттың жұбайы үйлену тойының 19 жылдығымен құттықтады

Коби Брайанттың жұбайы үйлену тойының 19 жылдығымен құттықтады

Әйгілі баскетболшы Коби Брайант пен жұбайы Ванессаның үйленгеніне 19 жыл толды, жазады Prosports.kz.

Осыған орай атақты ойыншының жесірі инстаграм желісіндегі жеке пақшасында жазба қалдырды.

- Патшам, жүрегім, ең жақын досым. Біздің үйлену тойымыздың 19 жылдығымен құттықтаймын. Сені қатты сағындым. Сенің қазір осында болып, мені құшақтағаныңды қалаймын. Сені жақсы көремін, - деп жазды Ванесса.

Естеріңізге сала кетейік, Коби Брайант пен оның қызы Джанна 26 қаңтарда АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы Калабасас қаласы (Калифорния) маңында тікұшақ апатынан қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или