Доус «Барысқа» қойып отырған қаржылық талабын төмендетті
«Спорт-Экспресс» журналисі Игорь Еронко «Держи передачу» бағдарламасында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Найджел Доустың қаржылық «тәбеті» екі есе азайғанын, егер ол нұрсұлтандық «Барыста» ойнағысы келсе, қаржылық талабын одан әрі азайтып, ымыраға келу керектігін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Найджел Доус «Салават Юлаевтан» және «Барыстан» 85 миллион рубльден (шамамен 1,15 миллион доллар) сұрайды. Бірақ соңында ол одан да азайтады. Ол қазірдің өзінде біраз жасқа келді. «Барыс» оған 85 миллион бермейді. Негізі, олар ешкімге 75 миллион рубльден артық бере қоймас. Бұл - Даррен Дицтің жалақысы. Олар енді бұл соманы басқаларға, тіпті Найджел Доусқа да бере алмайды», - деді Еронко.
Соңғы екі маусымда, 35 жастағы Найджел Доус Екатеринбургтің «Автомобилистінде» өткізді, ол онда жылына 150 миллион рубль табыс табады.
Фото: Sportbox.ru