Ромазан мемориалы: «Барыс» шақырту алды

Ромазан мемориалы: «Барыс»  шақырту алды

Екатеринбургтің «Автомобилисі», қазақстандық «Барыс» пен қытайлық «Куньлунь Ред Стар» Магнитогорск қаласында өтетін Ромазан кубогына қатысуға шақыру алды. Бұл туралы «Металлург» хоккей клубының бірінші вице-президенті Сергей Ласков РИА Новостиге хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Ромазан мемориалы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді және Халықаралық хоккей федерациясының күнтізбесіне енетін маусым алдындағы турнир саналады. Турнир 28 рет өткізіліп, «Металлург» командасы 14 мәрте жеңімпаз атанған.

«Барыс», «Автомобилист» және «Куньлуньге» Ромазан кубогына қатысуға шақыру жібердік. Қытай клубы өзінің қатысатынын растады. Шетелдік клубтарға да шақыру қағаздарын жібердік. Автомобилист бұл күндері басқа турнирлерге қатыспаса, келетіндігін айтты», - деген Ласков телефон арқылы.

«Коронавирусқа байланысты шектеулер де жоқ емес. Бұл туралы шетелдік әріптестермен ақылдастық,  талқыладық, жаттығу жиындары Магнитогорскіде болатын сияқты. Қалада Орталық стадион, мұз сарайы және спорт залдары бар», - деді басшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или