M-1 басшысы: Қазақстанда әлі де UFC турнирін өткіземіз

M-1 басшысы: Қазақстанда әлі де UFC турнирін өткіземіз

M-1 Global ұйымының президенті Вадим Финкельштейн Қазақстандағы турнирде кімдердің жекпе-жек өткізетінін айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

– Дамир Исмағұлов пен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін Қазақстанда өткізгіміз келген. Қазір Қазақстан турнирді өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бәріне коронавирус кедергі келтірді.

Болашақта әлі талай турнир өткіземіз деген сенімдемін. Мүмкін күзге қарай UFC-дің спортшыларын Қазақстандағы турнирден көріп қалармыз, - деді ұйым басшысы Sport24 басылымына берген сұхбатында. 

Естеріңізде болса, UFC ұйымы Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлаған болатын. Кеште Дамир Исмағұлов, Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов және Шавкат Рахмонов жекпе-жек өткізетіні белгілі еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или