Баскетболдан Қазақстан чемпионаты мен кубогі мамыр айына ауыстырылды
Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының атқарушы комитеті отырыс өткізіп, ел біріншілігі мен Қазақстан кубогын төтенше жағдайға байланысты ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Баскетболдан ерлер командасы арасындағы ұлттық лиганың өткізу форматы өзгертіледі. ½ финал ойындары мен үш рет жеңіске жеткен өткізілетін финалдық кезеңнен бас тартылады. Финалдық ойындарын Төртеудің финалы форматында ойнатылады.
Алдын ала болжам бойынша, біріншілік 2020 жылдың мамырында басталу мүмкін. Індетке қатысты өзгерістер чемпионат басталарда қаперге алынады. Баскетболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы 2020 жылдың мамырына ауыстырылады.
Әйелдер командасы арасындағы ұлттық лиға ойындарының финалдық кезеңі де 2020 жылдың мамырына жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ерлер арасындағы жоғары лиганың 6-шы тур ойындары да мамыр айында өткізіледі.