Дана Уайт пен Хабиб Нурмагомедов сөзге келіп қалған
Аралас жекпе-жек майталманы Даниэль Кормье UFC басшысы Дана Уайт пен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасында кикілжің болғанын айтты.
- Хабиб Америкаға ұшып барғысы келген. Дана Уайтпен телефон арқылы сөйлескенде қайда бару керегін сұрағанда ол «келген соң көресің» деп жауап қатқан. Жекпе-жектің қайда өтетінін айтпағаны үшін Хабиб ренішін білдіріп, жекпе-жектің нақты өтетін жері белгілі болмайынша хабарласпауын өтінген, - дейді Даниэль Кормье.
Айта кетейік, UFC 249 турнирі 18 сәуірге жоспарланған болатын, алайда коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или