ҚХЛ президенті «Барыс» келесі маусымға қатысатынын растады
<span class="s1">ҚХЛ президенті Алексей Морозов келесі маусымда қандай командалар өнер көрсететінін айтты. </span>
<span class="s1">«Келесі мауысмға қазіргі командалардан тек «Адмирал» қатыспайды. Басқа командалардың барлығы маусымға қатысатындығын растады. «Адмиралдың» орнына басқа команда алуды кейінірек қарастыратын боламыз. Қазіргі кезде ертең не болатынын білмейміз. Бірақ барлығы жақсы болып, келесі маусымды ойдағыдай бастаймыз деп үміттенем»,- деді лига басшысы.</span>
<span class="s1">Жақында қазақстандық «Барыс» келесі маусымға қатыспауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. </span>
<span class="s1">Естеріңізге салатын болсақ биылығы маусым коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или