Қазақстанда жоспарланған UFC турнирі өтпеуі мүмкін
Қазақстанда жоспарланған алғашқы UFC турнирі өтпей қалуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Ресми хабарланбаса да 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында UFC турнирі өтетіні жайлы ақпарат тараған. Бұл кеште UFC ұйымымен ақпан айында келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов, аталған ұйымдағы алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов сынды файтерлер өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Ал кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Петр Ян (14-1) мен бразилиялық Марлон Мораес (23-6-1) жұдырықтасуы мүмкін еді.
Алайда бұл жекпе-жек жеке аралда өтетін болды Бұл туралы бразилиялық файтер Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- Аралдың қайда екенін және оған қалай жететінімді білемін. Бәрі рас, таяуда жаңалықтар шығады. Жекпе-жек өтеді, UFC бәрін дұрыс істейді деп сенеміз, - деп жазды Мораес.
UFC турнирін жеке аралда өткізу жайлы алғаш рет айтылып отырған жоқ. Бұған дейін Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон өнер көрсететін UFC 249 турнирін аралда өткізу жоспарланған (турнир өткен жоқ).
Айта кетейік, бұған дейін UFC спортшысы Дамир Исмагулов Қазақстанда жоспарланған UFC турнирінің кейінге қалдырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Елімізде өтетін UFC турнирі кейінге қалдырылады

Қазақстанда UFC турнирі өтеді

UFC турнирі Қазақстанда қашан өтеді?