Арсен Венгер: «Дебюши, Оспина мен Озил жарақаттарынан тез айығып келеді»

Арсен Венгер: «Дебюши, Оспина мен Озил жарақаттарынан тез айығып келеді»

«Арсенал» клубының бас бапкері Арсен Венгер испаниялық Микель Артетаның 9-қарашада «Суонси» командасымен ойнамайтынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Себебі, жартылай қорғаушы сейсенбіде Чемпиондар Лигасы аясында «Андерлехтпен» болған тең ойында (3:3) жарақат алған.

«Артета жексенбіде ойнамайды. Ол жамбасының артқы жағын созып алды. Алайда, жарақат соншалықты ауыр болмағандықтан, ол қысқа уақытта айығуы керек. Микель ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты болатын үзілістен кейін ойнай алуы тиіс», - деп келтіреді Венгердің сөзін клубтың сайты.

Сонымен қатар, Арсен Венгер басқа ойыншылардың денсаулығы туралы мәліметтер айтты.

«Оливье Жиру жаттығуды келесі аптада бастайды. Джек Уилширде бәрі жақсы, ол жексенбі күні ойнауға дайын. Дебюши, Оспина мен Озил жарақаттарынан тез айығып келеді. Алайда, олар ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін қатарға қосылмайды. Тек Косельни ғана үзілістен кейін ойнауы мүмкін», - деді Арсен Венгер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или