Испания баскетбол лигасы коронавируспен күреске 143 мың еуро жинады

Испания баскетбол лигасы коронавируспен күреске 143 мың еуро жинады

АСВ лигасы (баскетболдан Испания лигаларының жоғарғы дивизион) аукцион арқылы коронавируспен күреске 143 мың еуро жинады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл әйгілі спортшылардың қол таңбасы қойылған заттарды аукционда сату арқылы жиналған.

Осыған дейін теннисші Рафаэль Надальдың жейдесі (20 500 еуро), баскетболшы Хуан Карлос Наварроның жейдесі (6,200), баскетболшы Кобе Брайанттың аяқ киімі (6100) және басқа да атақты спортшылар пайдаланған заттар аукционда сатылды. 

Жиналған сома алдағы уақытта тағы да көбеюі мүмкін.

Айта кетейік, баскетболдан Испания чемпионаты наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или