Қазақстандық хоккейші «Локомотивпен» келісімшартын ұзартты
<span class="s1">Қазақстандық қорғаушы Роман Савченко ресейлік «Локомотив» хоккей клубымен келісімшарт мерзімін бір жылға ұзартты. </span>
<span class="s1">Бұл туралы команданың твиттер аккаунтында хабарланды. </span>
<span class="s1">31 жастағы қазақстандық хоккейші «Локомотив» сапына 2019 жылы қосылған. Өткен маусымда 67 кездесуге қатысып, 5 гол соғып, 9 рет нәтижелі пас авторы атанған. </span>
<span class="s1">Естеріңізге салатын болсақ Роман Савченко 10 маусым бойы «Барыс» хоккей клубында өнер көрсеткен. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или