МакГрегор COVID-19 пандемиясы кезінде Ирландия шекарасын жабуды қолдады
Екі салмақ дәрежесі бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор коронавирус пандемиясы кезінде Ирландия шекараларын жабуды қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
МакГрегор Уэльс және Англия азаматтары елге коронавирус әкеледі деген алаңдаушылықты білдіріп жазылған мақаланы қолдап отыр.
«Желге қарсы зәр шығару» деген сөз тіркесі бар, ханымдар мен мырзалар! Порттар мен әуежайларды жаппайынша, қандай қарсы шаралар туралы айтып отырмыз?
Бізге жауаптар керек. Нақты әрекет керек. Әлі де кеш емес. Теңіз порттары мен әуежайларды дереу жабыңыздар!», деп жазды МакГрегор Твиттердегі парақшасына.
Конор өз елінде COVID-19 індетінің тарауына байланысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысып жүр. Ол бұған дейін Қытайды Ирландияға төмен сапалы коронавирустық қорғаныс құралдарын жеткізді деп сынады.