FIBA атқарушы комитеті турнирлер күнтізбесіне өзгерістер енгізбек

FIBA атқарушы комитеті турнирлер күнтізбесіне өзгерістер енгізбек

Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) атқарушы комитеті бүгін кезектен тыс бейнеконференция ұйымдастырды. Күн тәртібінде COVID-19 пандемиясының FIBA күнтізбесіне тигізетін әсері талқыланды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

<span> 13 наурызда өткен атқарушы комитеттің соңғы отырысында FIBA жарыстарының тоқтатылуын айтқан болатын. Сонымен қатар, FIBA Атқарушы комитетіне Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының уақыты өзгеруіне байланысты  2015 жылы бекітілген жарыс күнтізбесіне қажетті түзетулерді енгізуге рұқсат берді. Ерлер арасындағы Олимпиадалық іріктеу FIBA турнирі 2021 жылдың 22 маусымнан 4 шілдесінің аралығында өтеді. FIBA Евробаскет додасы мен FIBA Америка кубогы 2021 жылдан 2022 жылдың 1-18 қыркүйек аралығына ауыстырылды. Әйелдер арасындағы FIBA еурокубогы 2021 жылдың 20-27 маусым күндеріне шегерілді.</span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или