Аты аңызға айналған хоккейші қазақстандық клубтың бас менеджері атанады

Аты аңызға айналған хоккейші қазақстандық клубтың бас менеджері атанады

Владимир Антипин қарағандылық «Сарыарқаның» жаңа бас менеджері атанады, деп хабарлайды Prosports.kz Shayba.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы екі маусымда ол Магнитогорскінің <span>«Металлургінде»</span> резервтік жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ал оған дейін 49 жастағы маман Челябинскінің <span>«Тракторы» мен новосибирскілік «Сибирские Снайперы»</span> командаларында бас бапкердің көмекшісі болған.

Еске сала кетелік, Владимир Антипин - Теміртау хоккейінің түлегі. Қазақстан құрамасы сапында екі  Олимпиадаға қатысып, тоғыз рет әлем чемпионатында ойнады. Екі дүркін Ресей (1999, 2004) және Евролига (1999, 2000) чемпионы болды.

Қорғаушы ойын мансабын қарағандылық «Автомобилисте» бастады. Одан кейін <span>«Торпедо» (Өскемен), «Детройт Фэлконс» (АҚШ), «Ческе-Будеевице» (Чехия), «Металлург» (Магнитогорск), «Лада» (Тольятти), «Северсталь» (Череповец), «Металлург» (Новокузнецк), «Авангард» (Омбы), «Сибирь» (Новосибирск), «Қазақмыс» (Қарағанды, Сәтпаев), «Мечел» (Челябинск), «Химик» (Мытищи) және «Амур» (Хабаровск) командаларында да бақ сынады. </span>2009-2010 жылғы маусымда астаналық «Барыс» сапында  бір маусым ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или