«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Динамомен» жаңа келісімшарт жасасады

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Динамомен» жаңа келісімшарт жасасады

Мәскеулік «Динамо» хоккей клубы шабуылшы Андре Петерссонмен жаңа келісімшарт жасасады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы хоккейшінің агенті Алёша Пилко мәлімдеді. Оның айтуынша, екі жақты келіссөздер сәтті жүргізіліп жатыр. 

Осы маусымда хоккейші ҚХЛ-да 47 матч өткізіп, 39 (17+22) ұпай жинады. 

Айта кетейік, 29 жастағы хоккейші 2018/19 жылғы маусымда «Барыс» сапында өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или